Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің көлік инфрақұрылымына 1,4 триллион теңге жұмсалды - Ә. Құсайынов

АНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің көлік инфрақұрылымына 1,4 триллион теңге жұмсалды.

Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің көлік инфрақұрылымына 1,4 триллион теңге жұмсалды - Ә. Құсайынов

Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылдары атқарған жұмыстары мен 2011 жылғы жоспарларына арналған алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының халықаралық аренадағы беделінің арқасында еліміздің көлік секторына халықаралық қаржы институттарынан 4,2 миллиард доллар көлемінде займдар тартылды. «Соның арқасында 740 шақырым жаңа темір жолдар салынып, 39 мың шақырым автомобиль жолдары қанағаттанарлық жағдайға келтірілді. 10 жыл ішінде негізгі көрсеткіштер, яғни тасымалданған жүк көлемі 1,3 тоннадан 2,2 тоннаға дейін немесе 1,7 есеге дейін артты. Ал жолаушылар 1,8 есеге өсті. Сондай-ақ жолаушылар желісінің өткізу қабілеті 1,5 есеге артты. Әуе көлігінің қызметін пайдаланған жолаушылар саны 5,5 есеге көбейді»,- деді министр.