Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соня Жиенбаева әлемдік рейтингіде 26 сатыға жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды.

Соня Жиенбаева
Фото: olympic.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші орнын сақтап қалды.

Уимблдон турнирінен кейін көш басындағы белоруссиялық Арина Соболенконың еншісінде 8 550 ұпай болса, Е.Рыбакина (8 143 ұпай) оған біртабан жақындады.

Америкалық Джессика Пегула үздік үштікке енсе, биыл Уимблдонда чемпиондық атағын қорғай алмаған Польша өкілі Ига Швентек 3-тен 8-орынға сырғыды.

Уимблдонда үздік шыққан чехиялық Линда Носкова 12-ден 7-ге көтерілді. Қазақстандықтардан Юлия Путинцева 84-тен 82-ге, 664-тен 663-ке ауысты.
Ерекше серпіліс жасаған 20 жастағы Соня Жиенбаева 755-тен бірден 26 сатыға жоғарылады. Қазір ол 729-орында тұр. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Александр Бублик 11-орнында қалса, Александр Шевченко 99-дан 100-ге ығысты. Қазақстанның үшінші ракеткасы Тимофей Скатов 172-ден 163-ке жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Швейцариядағы жарыстың негізгі кезеңіне өткенін жазған едік.