Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 738-ракеткасы, 20 жастағы Соня Жиенбаева Оренсе (Испания) ITF W75 турнирінің екінші айналымына шықты. 

Соня Жиенбаева
Фото: ҚР МОҚ

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 505-ракеткасы, Беларусь өкілі Анна Кубареваның мысын басты.

Бірінші партия 7:5 есебімен аяқталса, екінші сетте Соня Жиенбаева айқын басымдылық көрсетті — 6:1.

Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. 

Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 272-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, марокколық Ясним Каббаджбен шеберлік таластырады. 

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 715-орынға көтеріліп тұр.

С.Жиенбаева кеше жұптық сында да сәтті ойнап, ресейлік Екатерина Яшинамен бірге ширек финалға өткен болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Испаниядағы турнирде топ жарғанын жазған едік

Сондай-ақ Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды