Сора еккен «егіншілер» енді заң алдында жауап беретін болады - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшы ауданы аумағында есірткіге ұқсас өсімдіктерді заңсыз егуші Қызылорда қаласының 30 және 40 жастағы екі тұрғыны тұзаққа түсті.
None
None

Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оперативтік шаралар нәтижесінде Жаңадария өзені жағалауынан сора алқабын анықтады. Сараптама қорытындысы бойынша ол 67 түп сора болып шықты. Сезіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар