Сот блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың соты 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың үстінен қозғалған іске қатысты аппеляциялық шешім шығарды. 

Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанабыловқа қатысты іс Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді
Фото: Коллаж: Kazinform/ Canva/ hyundai.com/ instagram.com/zhanabylov_e

Айта кетейік, судья Жанна Нұрғалиева блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты бөлек шешім шығарды.

Ерболат Жанабыловтың үстінен қозғалған іс бойынша:

- Бірінші сатыдағы сотта анықталған іс мән-жайын, сот отырысы барысында келтірілген уәждерді ескере отырып, сот ұсынылған деректердің күшінде қалдырылуы тиіс деген пікірге келді. Әкімшілік іс материалдарындағы кейбір мән-жай қосымша анықтауды және нақтылауды қажет етеді. Ерболат Жанабылов өткізген іс-шарада лотереяның белгісі бар. Одан бөлек, ұтыс ойынына қатысу құны мен қатысушылардың саны жөнінде нақты деректер жоқ, - деді шешімді шығара тұрып Жанна Нұрғалиева.

Сондай-ақ Эльмира Төлегенованың үстінен қозғалған іс бойынша сот шешімі өзгеріссіз, күшінде қалды. Осылайша, қос блогердің сотқа түсірген аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Еске сала кетсек, желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Кейін іс сотқа жеткен еді. 

Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогер Ерболат Жанабылов жариялаған курс бағасы негізсіз қымбат екенін мәлімдеді. 

5 қыркүйекте Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. 

Сот барысында блогер Ерболат Жанабыловтың адвокаты судьядан істі тоқтатуды сұрады. 

Аталған жайтқа қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеке түсінік берді. 

Соңғы жаңалықтар