Сот прокурордың Серж Саргсянға қатысты шараны өзгерту туралы ұсынысын қабылдамады
АСТАНА.KAZINFORM - Арменияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты бұрынғы президент Серж Саргсянға қатысты сотқа дейінгі қамауға алу шарасын өзгерту туралы прокуратураның өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сот отырысында прокурордың бұрынғы президентке қатысты сотқа дейінгі қамауға алу шарасын елден шығуға тыйым салуға өзгерту туралы өтінішін қарады. Өтінішке прокурордың Саргсянның Армениядан кету ниеті туралы алған дерегі себеп болды.
-Сіз рсымен де мені қашып кететін адамға ұқсатып тұрсыз ба ? Мен қай уақытта қай жерден қашып едім,-деді Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян прокуратураға түскен жедел мәліметке қатысты пікір білдіре отырып.
Айта кетейік, бұған дейін Арменияда экс-президент Саргсянның шетелге шығуына қатысты салынған тыйым күшін жойған болатын.