Сот ісін жүргізетін нысандардың қатары артады – Конституциялық реформа

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңның сот төрелігіне қатысты бөлімі айтарлықтай өзгеріске ұшырайтынын айтты.

сот, судья, сот үкімі
Фото: Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

  - Атауы өзгерген «Сот төрелігі, прокуратура, құқық қорғау тетіктері» деген келесі бөлімде мағынасы терең түзетулер қарастырылды. Онда сот билігіне қатысты маңызды өзгерістер жасалмақ. Атап айтқанда, сот ісін жүргізу нысандарының қатарын арттыру, сот төрелігінің конституциялық қағидаттарын күшейту, судьялардың тәуелсіздігін нығайту, сот жүйесінің кадр мәселелерін шешу көзделеді. Өткен отырыстарда айтылған адвокатураның құқықтық мәртебесін Конституцияда бекіту туралы ұсынысты жүзеге асыру үшін дайындалған арнайы баптың жобасына назарларыңызды аударамын. Құрылтайды бекіту, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлігіне де өзгерістер енгізуді талап етеді. Олар жекелеген нормаларда көрініс тапты, - деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Бақыт Нұрмұханов Ата заңның жаға нұсқасында Конституцияны өзгерту тәртібіне арналған жеке бөлім енгізілетінін атап өтті.

- Кейбір елдерде Конституцияға түзету енгізу тәртібін реттейтін нормалар жеке бөлімде шоғырландырылған. Қазақстанның қолданыстағы Конституциясында олар «Қорытынды және өтпелі ережелер» атты бөлімінде орналасқан. Бұл бөлімнің көптеген ережелері өздерінің миссиясын орындап, өзектілігін жойған. Сондықтан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты нормаларды жеке бөлімде қарастыру ұсынылады, - деді ол.

Жалпы Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтқанын мына сілтеме арқылы оқуға болады

Соңғы жаңалықтар
Референдум