Соттың қателігінен кінәсіз азамат 20 жылын темір тордың ар жағында өткізген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам өлтіргендігі үшін сотталған итальяндықты кінәсіз деп тауып түрмеден шығарды. Ол 20 жылын темір тордың ар жағында өткізді, деп жазды La Stampa.
None
None

Басылымның деректеріне қарағанда, әңгіме 55 жастағы Таранто провинциясындағы Фраганьяно қаласының тұрғыны Анджело Массаро (Angelo Massaro) жайлы болып отыр.

 Катанзаро қаласының соты оны 1995 жылы 22 қазанда Лоренцо Ферсурелланы (Lorenzo Fersurella) өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырған.

Айыптау  Массароның телефонын тыңдау және ақпаршының бұл қылмыс жайлы  үшінші бір адамнан алған мәліметіне негізделген.  Кейіннен оның айтқандарының шындыққа жанаспайтындығы анықталады.   

Бұдан басқа Массароның адвокаты адам өлімі болған түні клиенті өзге жерде болғанын дәлелдей алды.

Нәтижесінде Катанзаро қаласының сол соты апелляциялық шағымды қанағаттандырды және оны босату туралы шешім шығарды.

Енді итальяндықтың қорғаушылары әділет министрлігінен оны заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін өтемақы талап етпек.

Ал түрмеден шыққан Массаро 20 жыл бойы шеккен азабын ешнәрсе өтей алмайтындығын, дегенмен  қателікке бой алдырғандардың  жазалануына, әділдікке қол жеткізуге әрекеттенетіндігін мәлім етті.

 Түрмеде отырған  жылдар ішінде итальяндық Катанзаро университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Соңғы жаңалықтар