«Союз-2.1а» зымыранын Байқоңырдан ұшыруға дайындауда

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын (ЗТ) «Канопус-В-ИК» ғарыш құрылғысы (ҒҚ) және 72 шағын жер серіктері бар кластермен бірге ұшыру үшін дайындық жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Союз-2.1а» зымыранын Байқоңырдан ұшыруға дайындауда

Бүгін ғарыш зымыранның (ҒЗ) жалпы құрастыруы жүргізіліп жатыр, ҒЗ мен жердегі құрылғылардың дайындық нәтижесі қаралғаннан кейін, мемлекеттік комиссия «Союз-2.1а» зымыранын ұшыру алаңына шығару туралы шешім қабылдауы керек.

Астана уақытымен 14 шілде күні 12 сағат 36 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын «Канопус-В-ИК» ҒҚ-мен бірге ұшыру жоспарланған. 

nullnull