12:17, 22 Қараша 2011 | GMT +5
«Союз ТМА-02М» капсуласы ғарышкерлерімен Қазақстан аумағына қонды
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - «Союз ТМА-02М» басқарылатын кемесінің аппараты үш ғарышкерімен мәскеу уақытымен сағат 06:25-те Қазақстан аумағына қонды.

РБК агенттігінің хабарлауынша, «Союз ТМА-02М» бүгін мәскеу уақытымен сағат 03::00-те Халықаралық ғарыш стансысынан ажырады. Онда Халықаралық ғарыш стансысынан ресейлік Сергей Волков, американдық Майкл Фоссум және жапондық Сатоши Фурукава жерге оралды.