«Союз ТМА-09М» ғарыш кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш стансасына жетті

Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 29 мамыр күні мәскеу уақыты бойынша 06 сағат 10 минут 29 секундтта БКК ХҒС-мен тоғысты.
Түйісу барысын ХҒС бортынан ресейлік ғарышкерлер Павел Виноградов пен Александр Мисуркин қадағалап отырды.
Енді ХҒС-та ғарыш вахтасын 36/37-ші ұзақ мерзімді экспедициясының командасы атқарады - командир Павел Виноградов, борт инженерлер Александр Мисуркин мен Федор Юрчихин (Роскосмос), Карен Найберг пен Кристофер Кэссиди (НАСА), Луки Пармитано (ЕҒА).
Еске салайық, бүгін, 29 мамыр күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 02.31-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №1 алаңынан бортында халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі ұшырылды. Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік ғарышкер Федор Юрчихиннен, америкалық астронавт Карен Найбергтен және Еуропалық ғарыш агенттінің ғарышкері, итальяндық Луки Пармитанодан құрылған кезекті экспедиция (ХҒС) аттанды.