«Союз ТМА-14» ғарыш кемесі Гагарин ұшыру алаңына орналастырылды
БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – Бүгін таңертең «Союз ТМА-14» көліктік ұшқыш басқаратын кемесі мен «Союз-ФГ» ғарыштық бағыттағы зымыран Байқоңырдың 112-ші алаңындағы монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды және ғарыш айлағының № 1 алаңындағы ұшыру кешеніне орнатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Росғарыштың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгін Росғарыш кәсіпорнының мамандары алғашқы ұшыру күнінің бағдарламасы бойынша ұшқыш басқаратын ғарыш кемесін даярлауға кірісіп кетті.«Союз ТМА-14» кемесінде ұшуға даярланып жатқан халықаралық экипаж үш адамнан тұрады. Олардың екеуі Халықаралық ғарыш стансысы (ХҒС-19) 19-шы негізгі экспедициясының құрамына енеді, үшіншісі - 16-шы экспедицияның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады.Қазіргі уақытта негізгі экипаж ( Г.Падалка, М.Барратт, Ч. Симони) және олардың дублерлері (М.Сураев, Дж. Уилльямс, Э.Дайсон) ғарыш айлағында ұшу алдындағы даярлықтан өтуде.«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА-14» ұшқыш басқаратын кемесін ұшыру наурыздың 26-сында Астана уақыты бойынша 17 сағат 49 минөтке жоспарланған.