«Союз ТМА-16» кемесі халықаралық ғарыш стансысына аттанды
БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 13.14-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА-16» ғарыш кемесі ұшырылды.
«Ресейғарыш» пен «Қазғарыш» агенттіктерінің жедел қызметтерінің хабарлауынша, кеме штаттық режімде өтті, сапардың 526-шы минутында кеме зымырантасымалдағыштан ажырап, «Союз ТМА-16» орбитаға шықты.
Халықаралық ғарыш стансысына құрамына ресейлік ғарышкер Максим Сураев, американ астронавты Джеффри Уильмс және ғарыш турисі канадалық Ги Лалиберте кірген 21-ші экспедицияның экипажы аттанды.
Максим Сураев пен Джеффри Уильямс халықаралық ғарыш стансысында жарты жыл жұмыс істейді, ал ғарыш турисі Ги Лалиберте орбитада 11 тәулік болып, қазанның 11-інде стансыда 2009 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келген ресейлік Геннадий Падалкамен және американдық Майкл Барраттпен Жерге оралады.
Атақты «Күн циркінің» иесі канадалық миллионер Ги Лалиберте Халықаралық ғарыш стансысының бортында цирк ұйымдастырмақ. Ғарышта цирк ұйымдастыру - Лалибертидің басты міндеті емес. Оның гуманитарлық сапарының мақсаты - Жер тұрғындарының назарын ғаламшардағы су жетіспеушілігі проблемасына аудару.
Бейресми мәліметтер бойынша, Ги Лалиберте сапары үшін 35 миллионға жуық доллар төлеген.