«Союз» зымыран-тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ресурс-П» жер серігі тиелген «Союз» зымыран-тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды, ол Астана уақыты бойынша 13 наурыз күні түнде ғарышқа аттануы тиіс болатын, деп хабарлайды РБК.
None
None

Ғарышқа Жерді қашықтықтан зондтайтын «Ресурс-П» спутнигін алып шығуы тиіс болған «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшар алдында ұшуды тоқтатудың автоматты жүйесі іске қосылған.

Зымыран Астана уақытымен 01:56-да (21:56, мск) аттануы тиіс болған.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, оның неден кейінге қалдырылғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия зымыран ұшырылатын жаңа уақытты белгілейтін болады.

Соңғы жаңалықтар