07:45, 02 Ақпан 2024 | GMT +5
Қазақстандық спортшы пара биатлоннан әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы мен пара биатлоннан Италияның Мартель қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секунд уақытта бағындырып, үздік үштікке ілікті.
Мәреге бірінші болып украиналық қарсыласы Тарас Рад 21:33.2 секунд уақытымен жетті. Тағы бір украиналық спортшы Павло Бал 21:52.2 секунд көрсеткішімен күміс жүлдеге қол созды.
Әлем кубогінің екінші кезеңі 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 18 мемлекеттен 160-тан астам спортшы келді. Қазақстаннан 7 спортшы өнер көрсетуде.