Sportstan.kz интернет-сайты ашылды

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандағы барлық спорт нысандарының фото және видео бейнесі ұсынылған анықтамалық каталог пайда болды. Оны әлемнің кез келген тұрғыны енді жаңадан ашылған Sportstan.kz сайтынан тамашалай алады. Бұл ресурс ел аумағында орналасқан спорттық нысандарды тез және оңай табуға мүмкіндік береді.
None
None

«Сайтты қолданушылар спорт түрін таңдап, ұнаған ғимаратқа виртуалды саяхат жасай алады. Бұл дұрыс шешім қабылдап, уақытты үнемдеуге көмектеседі», - дейді «Жас Стар» Жастар бастамалары орталығының баспасөз хатшысы Арман Сабырбай. Оның айтуынша, бұл жобаны «Жас Стар» қоғамдық ұйымы «Efes Kazakhstan» қолдауымен жүзеге асырып отыр.

«Эфес Қазақстан» Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеевтің сөзіне қарағанда, «Қоғамдық маңызға ие бастамаларды жүзеге асыру бизнес-қауымдастықтардың Қазақстан Республикасы азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компания көмекке мұқтаж балалар үйіне, мүгедектер қоғамына, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға, соғыс ардагерлері мен қарттарға қаржылық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған әлеуметтік бағдардағы бастамаларға үлкен мән береді».

Соңғы жаңалықтар