Стамбұлда ақпарат және байланыс технологияларын дамытуға арналған конференция өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұлда ақпарат және байланыс технологияларын дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
None
None

Кең ауқымды шараны Түркітілдес елдер серіктестігінің кеңесі мен БҰҰ-ның Еуропа мен ТМД елдері үшін Өңірлік даму бағдарламасының бюросы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Конференцияға Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің салалық министрлері, олардың орынбасарлары және өзге де лауазымды тұлғалар, сондай-ақ, Молдова мен Ауғанстанның өкілдері қатысуда.

Жиын барысында халықаралық және өңірлік ұйымдардың және БҰҰ өңірлік даму бюросының өкілдері, ғалымдар, жеке сектордың өкілдері ақпарат және байланыс саласындағы жетістіктері мен проблемалары жайында сөз қозғап, пікір алмасады.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Түркі кеңесінің Бас хатшысы, Елші Рамиль Гасанов пен БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі, Еуропа мен ТМД елдері үшін Өңірлік бюросының директоры Жиһан Сұлтаноғлы қатысушыларға алғысын білдіріп, конференцияның жұмысын бастады.

Халықаралық конференцияның басты мақсаты - аталған сала бойынша тәжірибе алмасу, электронды трансформацияны қолдау және 2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша өткен саммитінде қабылданған тұрақты даму мақсаттарына сай болу үшін өңірлік мәліметтерді ашу болып табылады.

Конференция үш панельді отырыстан тұрады: «дамушы елдерде өмір сүру деңгейін жетілдірудегі интернет-басқарудың ролі», «ауылдық жерлерді дамытудағы ақпарат және байланыс технологиялары», «жеке секторды дамытудағы ақпарат және байланыс технологиялары». Бұл басқосулардың қорытындылары бойынша болашақтағы техникалық серіктестіктің жобалары әзірленеді.

Халықаралық шара әрбір қатысушыға интерактивті теоретикалық сеесиялардың көмегімен аталған нәтижелерді өңдеуде өзіне басымдық алуға мүмкіндік туғызады.

Айта кету керек, конференция Түркия Республикасының Премьер-министрі және Түркияның серіктестік және даму агенттігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Шара туралы өзге де ақпараттарды www.turkkon.org порталынан алуға болады.

Түркі кеңесі ұйымға мүше мемлекеттердің қарыштап дамуы мен тұрақтылығының артуын көздейді және аталған конференцияны БҰҰ мен оның арнайыландырылған ұйымдарымен байланысты нығайта түсетін құрал ретінде пайдалануға тырысатын болады.

Соңғы жаңалықтар