Стати ісі: Ұлттық банк пен Әділет министрлігінің мәліметі бір-бірінен алшақ шығып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Стати ісі бойынша Ұлттық қордың қанша қаражаты қайтарылғанын түсіндірді.

- Мүдделі мемлекеттік органдар Стати тараптарымен дауды реттеді. Сонымен, 2024 жылғы 4 желтоқсанда Стати тараптарымен дауды түпкілікті реттеу туралы келісімге қол қойылды. Бұл әлем бойынша қазіргі процестердің қайта басталу құқығынсыз тоқтату негізі болып келеді. Айту кету қажет, дауды реттеу бюджеттік шығынды талап етпеді және швед сот орындаушыларының сақтауында болған Ұлттық қордың шамамен 75 миллион АҚШ доллары Ұлттық Банк пайдасына қайтарылды, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Бір қызығы, Стати ісін реттеуге Қазақстан атынан қатысқан қос органның мәліметі бір-бірінен алшақтау шығып жатыр.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұл айырмашылықты қайтарылған ақшаның Швед кронымен сақталуына байланысты деп түсіндірді.
Ұлттық банк швед кронынан тікелей долларға айырбастап есептесе, Әділет министрлігі крон-теңге-доллар бағамын ескеріп есептеген көрінеді.
Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордың 80 млн доллары қайтарылғанын айтты.