Стенд атудан отандастарымыз әлем кубогында «трап» сайысында сынға түсіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогы кезеңінде ерлер мен әйелдер арасындағы «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңінің алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі.
Бүгін әр спортшы 75 нысанаға оқ атты. Ертең олар қалған 50 нысананы көздеуі тиіс. Осыдан кейін аталған дисциплина бойынша финалистер анықталады.
Қазақстан құрамасы сапында «трап» бойынша мына спортшылар өнер көрсетіп жатыр:
Виктор Хасянов, Әлішер Айсалбаев, Максим Бедарев, Марк Почивалов, Никита Моисеев, Мария Горун, Лейла Шантекова, Наргиза Шарманова, Элеонора Ибрагимова.
Айта кетейік, Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 басталды.
Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесін екі жүлдемен бастады.
Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан жарыстың күміс жүлдесін алды.
Шерзод Давлатов Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді.