Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан Qazaqstan Barysy Grand Slam жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның күміс жүлдесін алды.

Орынбасар
Фото: ҚР ҰОК

Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қоржынымызға екінші жүлде түсті.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 60 келідегі Талғат Орынбасар ақтық сында Моңғолия спортшысы Сухбат Биамбасуренмен белдесіп, есе жіберді.

Атап өтейік, Мағжан Шамшадин - 2023 жылы Астанада алғаш рет өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің тұңғыш чемпионы. Осы жылдар ішінде ол жанкүйерлерге жарқын жеңістер мен тартысты белдесулер сыйлап, қазақстандық дзюдоның жарқын өкіліне айналды.

Елордада жалауы желбіреген дзюдодан халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында отандық спортшы Шерзод Давлатов қола медаль иеленгенін жазған болатынбыз.