Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Степногорскіде педагогтарге 1,8 млн теңге іссапар шығыны төленбей келген

АСТАНА. KAZINFORM — Степногорск қаласының прокуратурасы өткізілген талдау нәтижесінде қалалық білім бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.

Степногорскіде педагогтарге 1,8 млн теңге іссапар шығыны төленбей келген
Фото: ЖИ

— Педагог қызметкерлерді оқыту аяқталғаннан кейін заңнамада көзделген іссапар шығындары бірнеше ай бойы өтелмей, 11 педагогке жалпы сомасы 1,8 млн теңгеден астам төленбеген. Бұл мән-жайлар педагог қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына әкеп соқты, — делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылып, берешек толық көлемде өтелді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстайды.  

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура араласқаннан кейін педагогтерге 7,2 млн теңге төленген болатын.