Странджа-2025: Үш бұрымды боксшымыз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Странджа турнирінің үшінші жарыс күні шаршы алаңға шыққан бұрымды боксшыларымыз арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр.

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан сегіз боксшымыздың үшеуі жарысты сәтті аяқтап, келесі айналымға өтсе, бесеуі қарсыластарына жол берді.
Нақтырақ айтсақ, 48 келі салмақта сынға түскен Ақбота Болат түркиялық қарсыласы Рабиа Топузға 1:4 есебімен жол берсе, 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Елянұр Тұрғанова тағы бір түркиялық қарсыласы Барут Эриванды 5:0 есебімен жарыс жолынан тайдырды.
57 келіде сынға түскен тағы бір отандасымыз Ұлжан Сәрсенбекте түркиялық қарсыласы Бенек Пинардан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. 60 келіде Анар Тұрсынбек Коста-Рика боксшысы Доньета Садику🇽🇰қа 0:5 есебімен жеңілді. Сонымен қатар 50 келіде сынға түскен Гүлнәр Тұрапбайда Коста-Рика елінің бұрымды боксшысы Златислава Чукановаға 0:5 есебімен жол берді. Ал 66 келіде сынға түсіп жүрген отандасымыз Ұлдана Таубай Түркия боксшысы Берфин Кабакқа 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Сонымен қатар 57 келі салмақта жұдырықтасып жүрген отандасымыз Айдана Жабынбекова Англия боксшысы Самин Тоусайнтті 3:2 есебімен ұтып келесі кезеңге өтті. Ал 60 келі салмақта Римма Волосенко грекиялық қарсыласы София Легакиді 5:0 есебімен жеңді.
Енді кешкі сессияда тағы 7 боксшы қызымыз жұдырықтасуға шаршы алаңға шығады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыққаны туралы жазған болатынбыз.