14:44, 30 Қаңтар 2019 | GMT +5
Студенттер арасындағы төбелес: Дәрігер жарақат алған ақтөбелік туралы айтты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде пышақ жарақатын алған студентке ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер ем қабылдап жатқан студенттің жағдайы туралы айтты.
«Студент кеше сағат 17:00 шамасында жедел жәрдем көлігімен келді. 17 жастағы жасөспірім далада жарақат алған. Оған қажетті ем шаралары жасалды. Кесіп, тесетін заттан жараланған. Іш құрылысына зақым келмеген. Тек қолында, кеудесінде тілінген жарақат бар. Ота жасалып, тігілді, - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов. Дәрігерлер студент жеңіл жарақат алды деп санайды.
Еске салсақ, Ақтөбебеде студенттер төбелесіп, біреуі ауруханаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз.