Студенттер онлайн оқуға көшірілуі мүмкін бе – Саясат Нұрбектің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тұмауға байланысты студенттердің онлайн оқуға көшірілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Саясат Нурбек
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Жіті бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі байланыстамыз. Әзірше жоспарлап отырған жоқпыз. Жалпы жағдай бақылауымызда тұр. Мектепке дейінгі, орта білім бойынша Оқу-ағарту министрлігінің пікір білдіргені жөн, - деді министр бүгін Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жиі тұмауратудың себебін түсіндірген еді.

Соңғы жаңалықтар