Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен (жүзу, суға секіру, әртістік жүзу, су добы) өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, су добынан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде Жапония командасымен бақ сынасып, 16:14 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға ие болды.
Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының нәтижелері: Құрлықтық біріншіліктің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жалпы 23 медаль жеңіп алды:
Жүзу – 1, 5 , 4
Әртістік жүзу – 7 , 2 , 2
Су добы – 2 (ерлер және әйелдер құрамалары)
Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан екінші орынға тұрақтады. 54 медаль иеленген Қытай құрамасы топ жарса, үздік үштікті 20 жүлдемен Жапония командасы түйіндеді.
Осыған дейін су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алғаны туралы жаздық.