Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан бір күнде 8 алтын, 2 күміс жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына алтын жауған күн болды.

алтын
Фото: az_olympics

Нақтырақ айтсақ, құрлық біріншілігінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 10 жүлде жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 2-і күміс медаль.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин - 100 м баттерфляй - алтын
Аделаида Пчелинцева - 50 м брасс - алтын
Софья Сподаренко - 100 м баттерфляй - алтын
Диана Тасжанова - 1500 м еркін әдіс - күміс

Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов - 50 м брасс - алтын
София Абубакирова - 50 м еркін әдіс - алтын
Максим Сказобцов - 100 м баттерфляй - алтын
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) - эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын
Даниил Черепанов - 50 м еркін әдіс - күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина - тұғырдан қатар секіру - алтын

Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс, 4 қола).

Естеріңізге сала кетейік, кеше жарсытың алғашқы күні жерлестеріміз медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар