Су тасқыны: Ақтөбе облысының Қобда ауданында жаңа үйлердің іргесі қаланып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Қобда ауданында су тасқынынан үйсіз қалған тұрғындарға жаңа баспана салу қолға алынды.

құрылыс
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

«Бүгінде аудан бойынша үйін су басқан тұрғындардан 292 өтініш келіп түсті, арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда. Қазір 120-дан астам үйдің құрылысы басталуы керек, аудан бойынша апаттық жағдайда 150 үй тіркелді», - деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев «Біз біргеміз» телемарафонында «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп. 

Тұрғын үйлер шамамен 2 ай көлемінде қолданысқа берілуі тиіс. Құрылыс қарқыны жергілікті биліктің бақылауында. 

Айта кетсек, су тасқынының зардабын шеккен 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды

Сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған өңір жастарының несиесін өтеу кейінге шегерілді

Соңғы жаңалықтар