Су тасқыны: Ақтөбеде 30 шаруаның өтінімі мақұлданды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында шаруалар шығыны әлі есептеліп жатыр. Қазіргі кезде 30 шаруаның өтінімі мақұлданды.

Ауыл бюджеті: қаржылық дербестікті жетілдірудің жолы қандай
Коллаж: Kazinform/Freepik

Ақтөбе облысында шаруалардан өтінім қабылдауды кәсіпкерлік басқармасы жүзеге асырып жатыр. Басқарма басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, қазіргі кезде 30 шаруаның құжаттары тексеріліп, мақұлданды.

- Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы барлығы 97 шаруа қожалығының тізімін берді. Болжам бойынша шығыны 704 млн теңге деп берілді. Қазіргі кезде бағалау қорытындылары шығып жатыр. Онда сома әртүрлі. Бірі 10 млн теңге десе 8 млн, ал 10 млн деп болжағандарға 12 млн есептелді. Өткен аптада 30 шаруа қожалығы иесінің өтінімі мақұлданды. Қаржы Үкімет резервінен бөлінеді, - деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Айта кетейік, ақтөбелік шаруалар шаруашылықтағы қора мен үй шығынын есептеп, оны өтеуді сұрады. Бұл жұмыс күзде басталды. 

Еске салсақ, бұған дейін кәсіпкерлердің шығыны өтелді. 

Соңғы жаңалықтар