Су тасқыны мәселесі аса күрделі болып тұр - В. Божко

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда су тасқыны мәселесі аса күрделі болып тұр. Себебі қар көп.

Су тасқыны  мәселесі аса күрделі болып тұр - В. Божко

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының жағдайы қиын. «Бұл өңірде күнде 3-4 рет қар көшкіні өтеді. Соның салдарынан жолдар жабылып қалады. Абырой болғанда, әзірге құрбан болған азаматтар жоқ»,-деп атап көрсетті В. Божко.