Су тасқынынан зардап шеккен көкпектіліктерге гуманитарлық көмек жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкпектіліктерге гуманитарлық көмек жалғасуда. Қарқаралы ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына іріқара төлдері жеткізілді. Сондай-ақ Көкпектіге Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының өкілдері келді, деп хабарлады Бұқар жырау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетейік, 2010 жылы Қызылағаш ауылында да осындай жағдай болып, ауылды басып қалған топан су 45 адамның өмірін жалмап кеткен еді. Ал бүгін қызылағаштықтар осындай оқиғаға тап болған Көкпекті ауылына көмекке келді.

«Сол кезде бүкіл халық бізге көмектескен, енді біз сіздерге көмек қолын созуға келдік», - деді Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Сәулеш Әмитова. Жүк тиелген КамАЗ көкпектіліктерге 10 тонна азық-түлік өнімдерін: ұн, күріш, макарон, қалбырдағы ет, өсімдік майын, тіпті печенье мен кәмпитке дейін әкелген.

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылдық округінің әкімі тұрғындарға олар төтенше жағдайды жоюды қалай жүргізгені, қалай қоян-қолтық жұмыс істеп үйлер тұрғызғаны, ауылдың қазіргі ахуалы туралы әңгімеледі.

«2010 жылы бізде де су тасқыны болды, сол күндері біздің бәріміз де ауылымыздың игілігі үшін жұмыс істедік. Бірлесіп үй салдық, бір-бірімізге көмектестік. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қызылағаш ауылында 4 айдың ішінде 565 үй салынды, - дейді Сәулеш Мәжитқызы. - Қазірде біздің ауыл өте әдемі және таза, даму үстінде, бұл біздің ортақ еңбегіміздің жемісі».

Көкпекті тұрғындары атынан делегацияға жергілікті әкімдік өкілдері, ауыл ақсақалдары, ауылдық мешіттің имамы және жатақханада уақытша тұрып жатқан адамдар алғыс айтты.

Зардап шеккендер арасынан еріктілер азық-түлік жүктерін түсіріп, буып-түйді және адамдарға мекен-жайлары бойынша үйді-үйлерге таратты.

Соңғы жаңалықтар