Судьялардың құқықтық мәдениеті қандай болуы керек

Әрбір судьяның сана сезімінің жоғары болуы, жақтарға түсіністікпен қарауы, салмақты әрі сабырлы жауап бере алуы, судьялардың құқықтық мәдениетінің жоғары болуы ол судьяның ең басты қасиеті болып табылады.
Енді сол мәдениеттілік дегеніміздің өзі не? Таратып айтатын болсақ, мәдениет ол жалпы екіге бөлінеді. Бірінші мәдениеттілік ол адамның әдепті сөйлей білуі, ортада өз-өзін ұстай білуі, адами тұрғыдағы мәдениеттілігін танытса, екіншісі құқықтық мәдениеттілік ол құқытық сауаттылықтан туындайды.
Жалпы құқық дегеніміз - ол заң ережелерінің нормасы, ал заң, ол ереже болып табылады. Осыдан барып құқықтық мәдениеттілік туындайды. Яғни, құқықтық мәдениеттің ең бірінші сатысы ол адамгершілік.
Сондықтан, адамгершілік әрбір судьялардың бойынан табылуға тиіс деген сөз.
Судьялардың адамгершілігі, адалдығы, оның жан - дүниесінің байлығы және біліктілігі әділеттіліктің негізгі өлшемі.
Сот жүйесіне кездейсоқ адамдардың өтіп кетпеуін, басты назарда ұстау керек. Кейбір судьялардың жоғарыдағы талаптарға сай болмай жататыны белгілі. Сондықтан, сот жүйесіне білімді, білікті, мәдениеті өте жоғары, сыртқы келбетімен, ішкі тазалығымен өзінің судья деген лауазымға сай екенін көрсете алатын судьялар келіп қосылып жатса, онда Қазақстан Республикасының сот жүйесінің болашағы зор деп айтуға болады.
Енді, судьялардың имиджіне тоқталатын болсақ, имидж дегеніміздің өзі адамдардың сыртқы келбеті, мәдениеті, тәрбиесі, біліктілігі, өзін жақсы жағымды көрсете алуы.
Судьяларға қойылатын талаптар: мейірбанды болу, сана сезімінің жоғары болуы, сотқа жүгінуші тараптарға түсіністікпен қарауы, сот процесстерін салмақты, сабырлы және сауатты түрде жүргізуі жауап бере алуы ең басты қасиеті болып табылады. Сотқа жүгінген әрбір азамат сотқа көмек іздеп, әділетті шешім табу үшін келеді. От тараптарға бірдей және құрметпен қарауы тиіс. Енді сол азаматтардың талап арыздарын сот процестерінде қарағанда судья тараптардың арыз,шағымын ынтамен тыңдап, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығын қамтамасыз етіп отырса, объективтілік пен әділдікті сақтай отырып, істің мән жайын толық және объективті зерттеп, тараптардың құқықтарын іске асыруын заң шеңберінде жүзеге асыруын қамтамасыз етсе, екі жақтың да сот әділ шешім шығаратынына күмән тұғызбайды. Ал,енді керісінше сотқа жүгінген азаматтарға судьялар дөрекі сөйлеп, дауыс көтеріп жатса, тараптардың талаптарына құлақ аспай, олар тыңдалмай жатса, онда ол судьялар тараптардың сот билігіне деген сенімсіздінің қалыптасуына жол береді және өздерінің мәдениетсіздігін танытады. Содан барып, жалпы сот жүйесіне деген нашар пікір қалыптасады. Әрине, ондай судьялардың бар екендігі көңілге кірбің ұялатады. Сондықтан әр судьяның сот процестерін жүргізу барысында өздерін сыпайы ұстап, мәдениеттерінің жоғары екендігін көрсете алғандығы, олардың біліктіліктері, сот жүйесінің имиджін көтеруге қосқан үлестері деп түсінгеніміз дұрыс.
Алматы қаласының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының Б.Р.Ағажанова
судьясы