Судан 2014 жылы Қазақстанда дипломатиялық өкілдігін ашуды жоспарлауда

МӘСКЕУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Судан 2014 жылы Қазақстанда дипломатиялық өкілдігін ашуды жоспарлауда. Бұл туралы Суданның Сыртқы істер министрі Әли Карти өзінің Мәскеуге іссапары барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.
None
None

Сыртқы саяси ведомство басшысының айтуынша, Судан посткеңестік кеңістік елдері арасында Ресеймен, Белоруссиямен және Украинамен барынша тығыз қарым-қатынаста, алайда, экономика саласындағы өзара іс-қимыл арқылы басқа мемлекеттермен байланыстарын кеңейтуге ниетті.

«Біз Суданның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі келесі жылы ашылады деп күтеміз. Бұл қадам біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың белсенді дамуы жолында күшті серпін болады деп санаймыз, -деді А.Карти. - Біз алдағы алты айдың ішінде тиісті ұсыныстарды дайындап, және Қазақстан тарапымен келісім рәсімдерін бастауды жоспарлаудамыз».

Ол, сонымен қатар, екі елдің халықаралық мәселелер тізімінде де ортақ көзқарастары бар екендігіне тоқталып өтті. Атап айтқанда, Хартум Қазақстанның 2011-2012 жылдардағы Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі шеңберіндегі жұмысын жоғары бағалайды.

«Судан Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалық етуі барысында көтерген бастамаларын қолдайды. Біз осы ұйым тұғырнамасында өзара байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниеттіміз», - деді министр.

Қазақстан Республикасы мен Судан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 2008 жылғы 19 шілдеде Астана қаласында (нота алмасу түрінде) орнатылған.

Соңғы жаңалықтар