Судья Трамп әкімшілігінің Гарвардқа қарсы талап арызын қанағаттандырмады
АСТАНА. KAZINFORM — Федералды судья Трамп әкімшілігінің Гарвард университеті еврей және израиль студенттерін қудалаудан қорғай алмады деген шағымын кері қайтарды, деп хабарлайды NBC News.
Бостондағы АҚШ аудандық судьясы Ричард Стернс өз шешімінде наурыз айында әкімшілік тарапынан берілген талап арызда Гарвард кампусында федералды азаматтық құқықтар туралы заңның үнемі бұзылып тұратынына сенімді дәлел жоқ екенін айтты.
Судья антисемитизм оқиғаларын азаматтық құқықтардың үздіксіз бұзылуына жатқызуға келмейтінін айтты.
Талап арыз әкімшілік пен Гарвард арасындағы жанжал кезінде берілген. 2025 жылдың желтоқсанында Трамп әкімшілігі Гарвардқа берілген 2 миллиард доллар көлеміндегі грантты заңсыз тоқтатқаны және зерттеу қаржыландыруын енді тоқтата алмайтыны туралы судьяның шешіміне шағымданды.
Бұған дейін Федералды сот Трамптың пошта арқылы дауыс беру бұйрығын тағы да бұғаттаған болатын.