Сыр бойында Денсаулық сақтау министрі арнайы іссапармен болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  ҚР Ден­саулық сақтау ми­нистрі Жақсылық Дос­қа­лиев жұмыс сапарымен Қызылордаға келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр облыс әкімі Болатбек Қуандықовпен бірге қазіргі күндері күрделі жөндеу жүріп жатқан қалалық аурухананың жай-күйімен танысты.

«Жол картасы» іс-қимыл жоспары аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауруханада бүгінде жұмыстың 75 пайыздайы орындалған. Бағдарламаға сәйкес емдеу мекемесін күрделі жөндеуден өткізуге 209 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда жөнделіп біткен екі блок тұрғындарға қызмет етуде. Ал қалған жұмыс желтоқсанның аяғына дейін бітеді деп жоспарлануда.

Қалалық аурухана 1977 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген. Әбден тозығы жеткен ғимарат 2008 жылы жеке­меншіктен мемлекетке қайтарылуының нәтижесінде биыл «Жол картасы» бағ­дарламасына еніп, күрделі жөндеуден өтуде. 150 төсектік емдеу орны бүгінде қала тұрғындарына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Біршама заманауи құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар