Сыр бойында күрішке жаппай орақ түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Сыр бойында өңірдің басты дақылы - күрішке орақ түсті. Кеше осыған арналған рәсім Сырдария ауданында өткізілді.

Сыр бойында күрішке жаппай орақ түсті

Биыл аймақта 77 мың гектар жерге күріш егілді. Облыс диқандары үшін жанар-жағармай тапшылығы, тұқым жетіспеушілігі деген мәселелер қазір ұмыт болды. Ендігі міндет - техникалық базаны жүйе­­леу. Облысқа келіп жатқан шет­елдік машиналардың бізге жарам­дысын әрі қолайлысын таңдап алып, соларды өзімізде жөндейтін орталық ашу болып табылады.