Сыр бойында облыстың құрылғанына 70 жыл, Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 190 жыл толуына арналған мерейтойлар өтіп жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Кешелі бері Қызылордада облыстың құрылғанына 70 жыл, облыс орталығының ірге көтергеніне 190 жыл толуына арналған мерекелік шаралар жүріп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше ол қаладағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығында "Тұрмағамбет және әлемдік әдебиет жауһары -"Шахнама" атты ғылыми-танымдық конференциямен ашылды. Кешке қарай Н.Бекежанов атындағы драма театрында облыс өнерпаздарының гала концерті қойылды. Соңынан облыс әкімі дастарқан үстінде той қонақтарымен дидарласты.
Мерейтой шаралары бүгін қайта жалғасты.