09:22, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Сыр бойының диқандары 281,9 мың тонна таза күріш жинап алмақшы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылғы тамыздың 20-сында басталған Қызылорда облысындағы күріш жинау науқаны аяқталуға жақындап келеді.
Аймақ егіншілер қауымы биыл 77,4 мың гектар алқапта бітік күріш өсірді. Олар енді осы егістік танаптан мың тонна таза салмақты өнім жинап алудан үмітті. Бұл алынған астықтың 21780 тоннасы келер жылдың тұқымы үшін құйылып алынса, 260,1 мың тоннасы ақталып, азық-түлік мақсатына жаратылатын болады.