Сыр егіншілерін суармалы жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарының кешеуілдеуі алаңдатады
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Егіншілігі түгелдей суармалы жүйеге тәуелді Сыр бойының диқандарын кешегі кеңес заманынан бері күрделі жөндеу көрмеген гидротехникалық құрылымдардың көптігі алаңдатады.
Облыста осы жүйенің ең басты қан тамыры болып саналатын екі коллектор көп жылдардан бері екі иығынан демалып, құлаудың қарсаңында тұр. Елді мекендерге аяқсу барудың мәселесі де толығымен шешімін тапқан жоқ. Сондықтан биылғы жылы мұнда атқарылуға тиісті 20 канал мен 9 су құрылғысын жөндеуден өткізу жұмыстары сол тұйықтан шығудың бастапқы қадамдары ғана болып табылады. Мұның сыртында 2 сорғы қондырғысын сатып алу жоспарланған екен. Ал қазіргі таңға аймақта 23 су нысаны қалпына келтіріліп қойылды.