Сыр өңірінде күкірт қышқылы зауытының іргетасы қаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстың Жаңақорған ауданында күкірт қышқылы зауытының іргетасы қаланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімге "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ президенті Владимир Школьник, облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов және өзге де жауапты мекеме басшылары қатысты. Облыстағы инновациялық серпінді жобалар қатарында күкірт қышқылы зауыты да бар. Жобаны жүзеге асыруға "Қазатомөнеркәсіп  ҰАК" АҚ  бірге Жапонияның "Marbenі", ТЕРСО мен Канаданың "Uranіm One" компаниялары қатысады. Зауытта тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіру жобаланып отыр. Ол жылына 500 мың тоннаға жуықтайды. Зауытты 2011 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру межеленген.  Бұл өндіріс орнында 200-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Аймақта жер асты шаймалау әдісімен жұмыс жасайтын Жаңақорған ауданындағы Хорасан-1, Хорасан-2, Шиелі ауданындағы Иіркөл және Қарамұрын кеніштері зауыт өнімінің негізгі тұтынушылары болады. Зауытқа қажетті шикізат "Теңіз Шевройл" ЖШС-нен жеткізіледі. Күкірт кесегі түріндегі шикізатты жеткізіп беру жөнінде серіктестікпен 20 жылдық келісім жасалған. Осының нәтижесінде зауыт жылына 180 мың тонна шикізатпен қамтамасыз етілетін болды. Өндіріс орнына қажетті жабдықтар Италияның "Desmet BaІІestra" компаниясынан алынады. Бұл жабдықтар әлемдік стандарт талаптарына толықтай сай келеді және қоршаған ортаға ешқандай зияны болмайды.

Зауыттың іргетасын қалау рәсімі барысында "Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ қарасты басқа да нысандар пайдалануға берілді. Зауыт орналасқан 9 шақырымдық автожол, 1,8 шақырымдық теміржол тармағы және 8,8 шақырымдық электр желісі тартылған.

"Қазатомөнеркәсіп ҰАК" АҚ компаниясы облыста бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысына белсене атсалысып келеді. Компания басшысының сапарында Шиелі ауданындағы №127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп пен 16 пәтерлік тұрғынүй пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар