Сыр өңірінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының көмегіне 8260 адам жүгінген

Басқарма басшысының айтуынша, бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 8260 адам хабарласып, соның ішінен 7877 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалған. Бағыттары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету. Оған республикалық бюджеттен 2425,8 млн. теңге қаралып, 674 жұмыс орыны ашылған. Соның ішінде, инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына бағытталған 38 жобаға 1890,3 млн. теңге бөлініп, 586 жұмыс орыны, 7 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 535,5 млн. теңге қаралып, 77 жұмыс орыны құрылды.
Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға 2389,8 млн.теңге қаралған.