Сырдария ауданындағы «Жалын» лагері 650 баланы тынықтыруды жоспарлап отыр

бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жазғы маусымда мұнда 650 бала демалады деп күтілуде. Олардың дені аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, қаладағы №1 мектеп-интернат оқушылары болмақшы. Осы кезге дейін 260 бала тынығып үлгерген екен. Лагерь директоры Мира Момынбаеваның айтуынша, лагерьдегі тәрбие жұмысы қолөнер, көркем шығарма, спорттық бағытта жүргізіледі. Он бір үйірме осы бағыттарға топтастырылған. Сондай-ақ әр ауысым әр бағытта жұмыс жүргізеді. Мәселен, кеше ғана аяқталған ауысым спортқа бағытталған-ды. Мұнда спорттан үздік көрінген оқушылармен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде тұратын балалар да тыныққан. Yшінші ауысым өнерге бағытталады. Келесі кезекте жас экологтар, жас математиктерге арналған ауысымдар тұр. Лагерьде компьютер орталығы, медпункт, шомылатын душ, спорт алаңдары, асхана жұмыс істейді. Балалардың демалыс бөлмелері таза. 15 күнге берілетін жолдама құны да ата-аналардың қалтасы көтерерліктей, 13 мың теңге.