Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен қамту жобасы қолға алынды

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту жобасының 1 кезеңіне орай құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен  900 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
None
None

 Аймақ елді мекендерін электрмен қамту бағытындағы жұмыстар аясында   Төретам кентіндегі  35/10 кВ №22 ҚС-сы, кент пен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту, Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту қолға алынғалы отыр.

  Сонымен қатар, Сырдария ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн теңге  қарастырылып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар