Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Ресейге сапары өтеді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 13- 14-де ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Ресейге сапары өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, сапар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жайы мен Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдардың және интеграциялық бірлестіктердің аясында бірлесіп қызмет ету мәселелері сөз болады. Сондай-ақ онда өткен жылдың желтоқсан айының 19-ында Қазақстан мен Ресей Президенттері Бурабайда бекіткен мемлекеттердің 2009-2010 жылдарды қамтитын бірлескен іс-қимылдары жөніндегі жоспарының орындалу барысы талқыланады.
Соңғы жаңалықтар