Т.Николич Сербияның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін Н.Назарбаевқа ризашылығын білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия Қазақстанмен білім беру, мәдениет және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде осылай деді.
None
None

«Сербия Қазақстан инвестициясы үшін нағыз әріптеске айналып келеді және географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан. Инвесторлар өте білімді жұмыс күшіне сенім арта алады. Біз білім беру, мәдениет және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», - деді ол.

Сонымен қатар Т.Николич Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануына жан-жақты қолдау көрсете беретіндіктерін баса айтты.

«Қазақстан көптеген елдер қиын кезеңге душар болған сәтінде көмек көрсетті. Қазақстан біздерге де өткен жылдың мамырындағы су тасқыны кезінде көмек қолын созды. Біз оны еш уақытта ұмытпаймыз. Сонымен қатар мен Сербияның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін де ризашылығымды білдіремін», - деді Сербия Президенті.

Соңғы жаңалықтар