Таеквондодан Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасында ел қоржынына екі жүлде түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин топ жарды. 

Таеквондодан Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасында ел қоржынына екі жүлде түсті
Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Евгений ақтық сында өзбекстандық Асадбек Самандаровпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Васенкин 2:0 есебімен жеңіске жетті.

алтын жүлде
Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Нұрәлі Махмұт Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. 

63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының таеквондошысы финалда өзбекстандық Омадбек Отабековке есе жіберді. Кездесу 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

күміс жүлде
Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Еске сала кетейік, бұған дейін муай-тайшы Адия Ізбасқан жасөспірімдер Азиадасында қола жүлдеге қол жеткізгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар