Таеквондодан Қазақстан спортшысы Муджу Гран-приінде жүлдеге таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында WT таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының турнирі басталды.
Жарыстың алғашқы күні даянгқа шыққан Қазақстан командасы спортшылары арасынан Айдана Құмартаева жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз 49 кг дейінгі салмақтың алғашқы айналымында Суфарада Атешлиді (Германия) ұтты. Сосын Джейси Бассетті (Коста-Рика) 2 раундта, ширек финалда Тенинба Фофананы (Франция) ұтты.
Осылайша, кем дегенде Айдананың еншісіне қола медаль бар. Жарыстың финалдық кезеңі бүгінге жоспарланған.
Айта кетейік, Муджудағы жарысқа 6 отандасымыз аттанды. Барлығы 46 мемлекеттен 248 таеквондошы жиналды.
Бұл осы маусымдағы Гран-при сериясының 2-кезеңі. Шешуші турнир биыл күзде Астанада өтеді.
Айта кетелік Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шыққан еді.