Таеквондошы Бауыржан Хасенов Ислам ойындарының алтын медаліне таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін таласады.

таеквондо
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Ол 82 келіден жоғары салмақта финалға жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда отандасымыз Әзербайжан спортшысы Эльтаж Гафаровты 2:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар дзюдодан Сурдлимпиада ойындарын cәтті бастады.

Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар