Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тағы бір блогерге іздеу жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті тағы бір блогерге іздеу жариялады.

блогер
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл жолы 26 жастағы Махмуд Хикматов онлайн казино ісі бойынша іздеуде жүргендер тізіміне енгізілді.

у
Фото: qamqor.gov.kz

Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен құмар ойындарын жарнамалаған күдікті Қайсар Қамзаны экстрадициялады.

Тергеп-тексеру органының нұсқасы бойынша 2025 жылғы қаңтарда ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан.

Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.