Таиланд-Камбоджа қақтығысы: Шекарадағы 377 мектеп жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Камбоджа билігі Таиландпен қақтығысқа байланысты шекаралас провинциялардағы барлығы 377 мектепті жапты, деп хабарлайды Синьхуа.

Таиланд-Камбоджа қақтығысы: Шекарадағы 377 мектеп жабылды
Фото: Report

Бұл мектептерде барлығы 78 585 оқушы білім алып, 3 197 мұғалім жұмыс істейді. Бұл мәліметті Камбоджаның білім, жастар және спорт министрлігі Facebook парақшасында жариялады. 

Қазір қақтығыстан Оддар Минчи, Преах Вихеар және Банти Минчи провинциялары зардап шеккен.

Бұған дейін Таиланд-Камбоджа шекарасында қақтығыс қайта басталғанын жарияладық. Екі ел арасындағы жағдай әлі де шиеленіскен күйде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар