Таиланд және Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отрысында екі ел арасындағы қатынастарды барлық салада жандандыру мәселелері қаралды

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бангкок қаласында Таиланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі біріккен комиссияның екінші отырысы өткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова басқарды.

Қазақстандық делегацияның басшысы біріккен комиссияның қатысушыларын 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму басымдықтарымен және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР СІМ мен еліміздің шетелдік мекемелері алдында алға қойған мақсаттарымен таныстырды. Өзінің сөзінде ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық одан әрі дамуының басты басымдығы болып индустриялық-инновациялық даму екендігін атап өтті. Г.Әбдіқалықова ханым үстіміздегі жылғы 6 шілдеде Таиланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 20 жыл толатындығын атап өтті. 2012 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының  Елшілік болып қайта құрылуы және Қазақстанда Таиланд Елшілігінің ашылу жоспары екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың күшеюінің айқын дәлелі екені атап өтіді.

ҮАК екінші отырысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда жандандыру мәселелері қарастырылды. Әсіресе екіжақты сауда, инвестицияларды тарту, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық, туризм және спорт мәселелері белсенді түрде талқыланды. ҮАК екінші отырысының нәтижесінде екі жақ қысқа мерзімде басым бағыттар бойынша келісімдер мен шарттарды қол қоюға әзірлеуі туралы келісті. Атап айтқанда: олар - инвестицияларды өзара даму мен қорғау келісімі; сауда жөніндегі келісім-шарт; дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі келісім.

Сонымен қатар тараптар бизнесті даму бойынша қазақстандық-таи жұмыс тобын құру және жақын арада қазақстандық-таи іскерлік кеңесін құру мүмкіндігін қарастыру туралы келісті.

Қазақстанның экономикалық ілгерілеуін есептей отырып, таи тарабы Қазақстанның экономикалық дамуында өзінің жұмыс күшінің қатысуына қызығушылығын танытты. Қорытындылай келе екі делегацияның басшылары ҮАК екінші отырысы біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына маңызды үлес қосқанын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық жөніндегі біріккен қазақстандық-таи комиссиясының үшінші отырысын 2013 жылы Астана қаласында өткізу туралы уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар